Негізгі қызметі – еншілес ұйымдарды корпоративтік басқару:
Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру арқылы біз құрлықтық көлік жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан бөлігі болуға ұмтыламыз.
Біз жүктерді тасымалдауда сенімдік мен тұрақтылықты қамтамасыз етеміз және де жүк иелерінің көлік міндеттерін кәсіби түрде шешетін боламыз.
Біз өз процестеріміз бен технологияларымызды пайдалана отырып, теміржол саласының міндеттері үшін бірегей шешімдер жасап шығарамыз.
Біз теміржол саласындағы тартқыш жылжымалы құрамның техникалық жарамдылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтерге сервистік қызмет көрсету жүйесін әрдайым жетілдіріп отырамыз.
Біз бәсекелестерден бірегей артықшылығымызды пайдалана отырып, көлік индустриясы үшін өнім өндіруге инновациялық тәсілдерді қолданамыз.