Даста-Р - ӨНДІРІСТіК ҚЫЗМЕТ

«Даста-Р» ЖШС – теміржол және автомобиль саласы үшін өнеркәсіптік сүзгілер мен резеңке-техникалық бұйымдарды өндіретін отандық кәсіпорын. Зауыттың әкімшілік корпусы, дайындау цехы, жинау цехы, материалдарға және дайын өнімдерге арналған қоймасы, конструкторлық бюросы, бақылау жүйесіне арналған зертханасы, сонымен қатар жоғары білікті мамандары бар.


АВТОТІРКЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ЖӨНДЕУ

«Даста-Р» ЖШС келесі аталғандар үшін автотіркегіштерді жөндеу қызметтерін ұсынады: «Patentes Talgo, S.L.» - жылына 60-70 бірлік; «Вагон Сервис» АҚ – жылына 150 бірлік; ЖШС «СКД-7»– жылына 130-160 бірлік; ЖШС «Тұран Экспресс сервис» - жылына 40-50 бірлік.

РЕЗЕҢКЕ-ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ

«Даста-Р» ЖШС «Loco-Center» ЖШС үшін көптеген резеңке-техникалық бұйымдардың 12 позициясын дайындаумен айналысады, оның ішінде: польстер пакеттері, қалақты аспап, сақина, төлке сияқты және басқа да бұйымдар бар.

СҮЗГІ ӨНДІРІСІ

«Даста-Р» ЖШС General Electric (WABTEC) компаниясының ТЭ33А (Evolution) және 2ТЭ10МК локомотивтері үшін отын, май және ауа сүзгілерін өндіреді. «Даста-Р» ЖШС қызметі арқылы Қазақстан General Electric (WABTEC) компаниясы үшін сүзгі жеткізетін әлемдегі сертификатталған үш елдің бірі болып табылады (Мексика, ҚХР, Қазақстан).