Loco-Center - ЛОКОМОТИВТЕР СЕРВИСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«Loco-Center» ЖШС негізгі қызмет аясы- локомотивтерді жөндеу болып табылады. Барлық өндірістік базалар қажетті технологиялармен, стендтік жабдықтармен, жүк көтергіш механизмдермен, сондай-ақ аккредиттелген химиялық және салыстырып тексеру зертханаларымен жабдықталған.


КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Loco-Center» ЖШС теміржол желілерінің бойында орналасқан 3 сервистік орталық пен 2 өндірістік учаскесі бар, олар компания тобының меншігіндегі локомотивтер пайдаланылатын Алматы, Тараз, Ақмола, Павлодар және Атырау бекеттерінің аумағында жұмыс атқарады.

Штаттағы өндірістік қызметкерлер саны 380 құрайды.

Сервистік қызмет көрсетуде тұрған локомотивтердің саны 100 бірліктен асады.

ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«Loco-Center» ЖШС  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС үшін маневрлік тепловоздарды жөндейтін және оларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының аумағындағы екі базалық кәсіпорынның бірі болып табылады. СКД-6 маневрлік тепловоздарының 74 бірлігіне сервистік қызметтер көрсету бойынша 2027 жылға дейін ұзақмерзімді келісімшарт жасалды.

ӨНДІРІСТІК базалар

Астана, Алматы, Алтынкөл, Матай, Көксу, Атырау, Мақат, Павлодар, Шымкент, Достық -локомотивтерге мерзімді сервистік қызмет көрсету өндірісі үшін (ТҚ-2 техникалық қызмет көрсетуден бастап күрделі жөндеуге дейін).

Қызметтің негізгі түрлері:

  • 2ЭС7, СКД9с, СКД6е, ТЭМ14 сериялы жаңа локомотивтерге сервистік қызмет көрсету
  • ТЭМ2 локомотивтерінің ескі серияларына сервистік қызмет көрсету
  • СКД6е, ТЭМ2 локомотивтеріне ТОУ-8 (КР-1) циклімен техникалық қызмет көрсету
  • ТҚК-8 (АЖ-3), ТҚК-7 (АЖ-2), ТҚК-6 (АЖ-1), ТҚК-3, ТҚК-4, ТҚК-2 локомотивтеріне (СКД9с, СКД6e) техникалық қызмет көрсету
  • Меншікті физикалық-химиялық зертхана

Жөндеудің өндірістік базалары

  • СЦ1 – Матай (Достық өндірістік учаскесі)
  • СЦ2 – Алматы (Алтынкөл өндірістік учаскесі)
  • СЦ3 – Мақат