Құрбан айт – мейірімділік, бірлік және алғыс мерекесі Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында SilkwayTransit компаниялар тобының (ЖШС «ТТТ Сервис», ЖШС «Loco-center») өңірлік өкілдіктері мен сервистік орталықтарында қызметкерлерге арналған қайырымдылық шаралары мен мерекелік дастарқандар ұйымдастырылды. Бұл қасиетті мереке бізге мейірімділік пен жанашырлықтың, өзара қолдау көрсетудің, адамдарға құрметпен қараудың және өміріміздегі барлық игіліктер үшін алғыс айтудың маңыздылығын еске салады. Осы құндылықтарды басшылыққа ала отырып, компания ұжымдары игі істер атқару, мұқтаж жандарға көмек көрсету және ұжымдағы ауызбіршілік пен өзара түсіністік атмосферасын нығайту мақсатында бір арнаға тоғысты. Мерекелік кездесулер барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылары қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне деген шынайы берілгендігі үшін жүрекжарды алғыстарын білдірді. Компанияның тұрақты әрі үздіксіз жұмысын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген өндірістік бөлімшелер қызметкерлеріне ерекше ризашылық сөздері арналды. Шай дастарханы басында әріптестер жылы әрі достық атмосферада еркін әңгімелесіп, ізгі тілектерін бөлісіп, SilkwayTransit үлкен отбасының бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте сезінді. Құрбан айт әр шаңыраққа амандық пен береке, татулық пен тыныштық, зор денсаулық, молшылық пен бақ-береке әкелсін. Осы күндері жасалған игі амалдар мен қайырымды істер жаңа жетістіктер мен жарқын бастамаларға жол ашатын игілік пен шабыттың қайнар көзі болғай. 25 маусым 2026, 15:32 Бөлісу